16.04.2026
Әдістемелік күнді өткізу туралы есеп
Тақырып:
"Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие-білім беру процесінде тәрбиеленушілердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында жасанды интеллектті пайдалану"
Күні: 2026 жылғы 15 сәуір
Өтетін орны: Анар станциясының "Құлыншақ" бөбекжайы " МКҚК
Мақсаты:
Жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін және білім беру процесінің сапасын арттыру.
Іс-шара барысы:
Әдістемелік күн құттықтау сөзін, ашық сабақтарды және шеберлік сабақтарын қамтыды. Педагогтар білім беру қызметінде АИ қолдану тәжірибесін ұсынды (Grok платформасы, бейнематериалдар жасау, дидактикалық ойындар).
Қорытынды:
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ұсынылған тәжірибенің практикалық маңыздылығы және балалармен жұмыс жасауда жасанды интеллектті қолданудың өзектілігі атап өтілді.
Ұсыныстар:
- АИ енгізуді жалғастыру-тәжірибе тарату-педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру