«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Анар станциясының «Құлыншақ» бөбекжайы» МКҚК  
ГККП «Ясли-сад «Құлыншақ» станции Анар при отделе образования по Аршалынскому  району управления образования Акмолинской области»  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Калейдоскоп» кітабы

20.04.2026
«Адал азамат» бағдарламасы мен «Кітап калейдоскопы» танымдық жобасы аясында «Гүлдер» тобының балалары кітапханаға барды. Экскурсияның мақсаты – кітапқа деген қызығушылықты арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту, баспа басылымдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Экскурсия барысында балалар кітапхана әдебімен, кітапхана қорының қалай ұйымдастырылғанымен, кітаптардың түрлерімен және олармен қалай дұрыс жұмыс жасау керектігін білді. Кітапханашы тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізіп, балаларды балалар әдебиетімен таныстырды.Халық шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру мақсатында адалдық, тапқырлық, әділдік сынды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеген «Алдар көсе» мультфильмінің көрсетілімі де ұйымдастырылды.
Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасының мақсатына сай танымдық қызығушылықты, адамгершілік құндылықтарды, мінез-құлық мәдениетін, яғни құрметке, жауапкершілікке, білімге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Экскурсия тартымды және танымдық болды; балалар жақсы әсер алып, кітапқа деген қызығушылықтарын көрсетті.
Просмотров: 1201


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст