Тақырыбы: "Мақта қызбен мысық "(ертегі)
Мақсаттары :
1 : ертегіге деген қызығушылығын тәрбиелеу. Шыншылдыққа, актерлік шеберлік тәрбиелеу.
2 : Есте сақтау қабілетін,балаларды еркін сөйлеуге дамыту.
3 : ертегісі мен таныстыру. Ертегінің мазмұның айтуға, ертегіні сомдауға үйрету.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Жылап мысық келеді)
Мысық:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, (жылап тұрады)
Тәрбиеші:Саған не болды мысық?
Мүмкін саған көмектесе алатын шығармыз?
Мысық:Балалар мен «мақта қыз бен мысық»ертегісіндегі мысықпын.
Мен мақта қыздың қатығын төгіп тастағаным үшін,құйрығымды кесіп алды,құйрығымды алу үшін бірінші тапсырмамды орында деді.
-Ал мен болсам бұл тапсырмаларды орындай алмаймын,балалар маған көмектесесіңдер ме?(қорапты тәрбиешіге береді)
Мысықты мұқият тыңдайды
Арине,көмектесеміз.
2.Негізгі бөлім
Тәрбиеші:
-Жақсы,мысық біз саған көмектесеміз.(балалардың қасына отырады)
-Балалар біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білеміз бе?
Олай болса бүгін «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тыңдаймыз.
Сұрақ- жауап.
Мақтақыз үй жинап жүріп не тауып алды?
Мысықты неге шақырды?
Мысық келді ме?
Мақтақыз сосын мейізді не істеді?
Мысық оның қатығын неге төкті?
-Балалар,мына қорапшадағы 1-тапсырманы алып,орындайық.
1-тапсырма: «Жұмбақтардың шешуін тап?»
1.Келеді бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
2.Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар (түйе)
3.Ауыр ағашты тасуға ұста,
Тұмсығы ұзын,құйрығы қысқа.
4.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы
5.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырыпкиген тоны бар.(балалар жасырған жұмбақтың шешімін табады)
Мысық:
-Ой, қандай тамаша, шыныменде ақылды балалар екенсіңдер.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз .
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
2-тапсырма:
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ық , ық, ық
Жұмыртқа берді тауық. 2-3 рет қайталау.
3-тапсырма: «Шығармашылық жұмыс»
Сурет салу
3.Қортынды
Мысық: балалар сендерге көп рахмет, сендер ақылды бала екенсіңдер,енді мен өз ертегіме қайтайын. сау болыңдар.