1 мамыр – Қазақстан халықтар бірлігі күні,
Достық мерекесіне орай ұйымдастырылған тақырыптық оқу қызметі
Тақырыбы: 1 мамыр – Достық мерекесі
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін, музыкасын ажырата білуге үйрету. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, әр ұлттың сазымен таныстыру, қызығушылығын ояту.
Балаларға 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу.
Ынтымақтастыққа ,достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, «Орнын тап», «Бірлік болсын әлемде» дидактикалық ойындары.
Кезеңдер |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
«Көңілді амандасу»
Балалар қазір бізде қандай жыл мезгілі?
Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі. Көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді атап өттік ,қане есімізге түсірейікші.
Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер,естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар.Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі. |
Балалар берілген текшені лақтыру
-Көктем мезгілі
-8-наурыз Аналар мерекесі, 22-наурыз –наурыз мерекесі |
Іздену-ұйымдастырушы |
-Балалар ,Қазақстанда тұратын қандай ұлттарды білесіңдер?
-Біз қандай тілдерді білеміз?
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Балалар мына жерде берілген қандай ұлттар сіздерге таныс? -Балалар, әр ұлттың киімдері туралы не айта аласыңдар?
«Қозғалысты қайтала» атты сергіту сәті
Қане, балалар, бәрімізге экранға назар аударайық. Әр түрлі ұлт өкілдері туралы видео тамашалау. -Балалар осы ұлттардың барлығы Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Әр түрлі ұлттар көп болса да олар бір-бірімен тату тұрады.
«Орнын тап» ойыны
Әр ұлттың ұлттық киімдері жайлы түсінік беру.
-Балалар сендер достық, ынтымақтастық жайлы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
«Бірлік болсын әлемде» фото коллаж дайындау |
-Қазақ, орыс, неміс, өзбек, татар, т.б.
-Балалар өздері білетін тілдерді айтады.
Балалар өздеріне таныс ұлт өкілдерін атайды.
-Балалар өз ойларымен бөліседі.
Балалар текшедегі түскен қозғалысты қайталайды.
Тәрбиеленушілер видео тамашалайды.
Балалар әр ұлттың ұлттық киіміне байланысты ойын ойнайды.
Мақал-мәтел айтады.
Балалар тәрбиешінің көмегімен жұмыс жасайды. |
Рефлексивті коррекциялаушы: |
Балалардан бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасау. Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Елімізде ір түрлі ұлттар көп болса да,бірлігімізден ешқашан айырылмайық.Әрдайым дос болайық! |
Сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар 1 мамыр мерекесі Қазақстан Халықтар бірлігі күні екенін біледі.
Меңгеруі: Өз Отанын сүюді, қорғауды, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуді үйренеді.
Игеруі: Әр ұлттардың киім ерекшеліктерін біледі.
Қазақ тілі мұғалімі: Напуухаан А.