МКҚК"Құлыншақ"б/б «Балапан» тобы Жазғы кезеңде ата-аналарға арналған ұсыныс. Тәрбиеші: Кишкимбаева А.О. Жазғы кезеңде ата-аналарға арналған ұсыныс Құрметті ата-аналар, сіздердің күнделікті әрекеттеріңіз көңілдеріңізді бөлетіндеріңізді білеміз, бірақта жаз мезгілінде сіздердің балаларыңызға көп көңіл мен қажеттілікті талап етеді. Біріншіден: күнде өзіңіздің балаңызға жол ережесін ескертіп отырыңыз. Ол үшін балабақшаға бара жатқанда, аулада, көшеде осы жағдайға сәйкес мәліметтер айтып отырыңыз. Балаламен көшеде келе жатқанда жаяу жүргінші мен көлікпен не болатынын, түсіндіріп отыруыңыз қажет. Мысалы, осы сәтте неге жолдан өтуге болмайтынын, осы жағдайда көлік пен жаяу жүргіншінің ережесі қандай екенін, тәртіп бұзушыны көрсетіп, жүріп келе жатқан көліктің астына түсіп қалуы мүмкін екендігін айтып түсіндіріңіз. Сіздің балаңыз нені білу керек: • Үлкен адамсыз жолға шығуға болмайды, үлкен кісімен келе жатқанда қолынан ұстап, жібермеуге тырысу керек, жаяу жолдан шығып кетуге болматынын; • Көше бойы жай жүріп, жаяу жолдың он жағымен жүру керектегін; • Жолдың ар жағына тек қана жасыл бағдаршам жанып, жаяу жүргіншілер жолынан, жолдағы көліктердің бәрі тоқтағанына көз жеткізіп барып өтуге; • Жолда жүру тек қана көліктерге арналғанын; • Жолдағы көліктердің қозғалысы бағдаршаммен реттелетінін; • Қоғамдық көліктерде әйнектен шығып отыруға, қолын қойып қоюға болматынын; Екіншіден: табиғатқа шыққан есте сақтаңыздар, жаз мезгілінде балалардың экскурсияға, серуендеуге, сапарға шығып өзенде шомылулары кезінде, тыныш, саяз өзен, жайпақ жаға, бұтақ ағаштардан, балдырдан және лайдан таза болу керек; • Балаларды үлкендердің қарауынсыз суға жіберуге болмайды; • Шомылып жатқан баланы үздіксіз бақылауға алу керек; • Шомылып жатқан кезде балалардың суға секірулеріне және жикке сүңгуге рұқсат етпеу; • Суда балалардың өздерін ұстауларын қадағалау; Үшіншіден: Өзіңіздің балаңызға үйде және көшеде қауіпсіздік ережелері туралы ескертіп отырыңыз: • Өзіңінің үйіңен және аулаңнан алыс кетпе; • Көшеде бейтаныс адамдардан ештеңе алма. Шет жаққа қарай шығып кет. • Қараңғы түспей үйге қайт; • Бейтаныс жасөспірімдердің тобынан айналып өт: • Жертөледен, шатырдан, қоралардан, ескі үйлерден, бос қалған жерлерде, сайлардан, адамдар жоқ жерлерге жоламау; • Лифтіге бейтаныс адаммен бірге кірме. Бұл жерде айтып кету керек, кейбір кезде таныс адамдармен мен құқықбұзушылықтар болып жатады (мысалы: көрші, ақкөңіл, күліп жүретін және жуас Ваня ағай әрі қарай маньяк болу мүмкін) • Танымайтын адамдарға есік ашпа; • Бейтаныс көлікке отырма; • Бейтаныс адамдардың сұрақтарына «жоқ» деп жауап бер де, адамдар көп жерге қарай шығып кет; • Подъезде, көлікте, көшеде көмекке шақыруға ұялма; • Егерде сені ұстап алайын деп жатса, күшіңді жинап, айғайлап, құтылып, қашып кет; Құрметті ата-аналар! Балаңыздың үйдегі қауіпсіздік ережесі туралы есте сақтаңыз. • Қосылып тұрған электрқұрылғыларды бақылаусыз тастап кетпеңіз; • Баланы пәтерде жалғыз тастамаңыз; • Розеткеге тосқауыл қойыңыз; • Балаңызды газ плитасы мен сіріңкеден аулақ болуын айтыңыз;