«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Анар станциясының «Құлыншақ» бөбекжайы» МКҚК  
ГККП «Ясли-сад «Құлыншақ» станции Анар при отделе образования по Аршалынскому  району управления образования Акмолинской области»  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің әз Наурыз!

11.06.2020 «ҚОШ КЕЛДІҢ – ӘЗ НАУРЫЗ!» (Балапан топ балаларына арналған) Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. «Балапан» тобына, «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекесін тамашалаңыздар. Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк шығып, төрт түлік мал түлеп, көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекесі. Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік, жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға Жырдан шашу шашайық! Ән: «Қош келдің төрлет Наурызым!» Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Сендермен «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал» ойынын ойнағым келіп тұр. Қане, олай болса ортаға шығайық. Ойын: «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал!» Жүргізуші: Ұлыс оң болсын, Жансая : Ақ мол болсын. Жүргізуші: Ұлыс бақты болсын, Әл-Мади: Төрт түлік ақты болсын. Жүргізуші: Ұлыс береке берсін, Әділхан: Бәле-жала жерге енсін. Жүргізуші: Бір тал ексең, Амир: Он тал ек. Жүргізуші: Атаңнан мал қалғанша, Давид: Тал қалсын. Жүргізуші: Бұлақ көрсең, Дильен: Көзін аш. Жүргізуші: Енді біздің кішкентай балаларымыздің мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар. Әл-Мади: Ата-бабам тойлаған, Наурызым армысың! Қызығына тоймаған, Жаңа жылым бармысың . Жансая: Осыншама жақсылық , Алып келген Наурызым. Төрлет бізге нұр беріп, Шуақ шашып ақ жүзің. Давид: Көлдің мұзын күн тесті, Әппақ тонынын жер шешті Жан-жақтан күн күркіреп, Жаңбыр жауды сіркіреп. Дильен: Ашылды да кебеже, Дәм әзірлеу басталды. Әжем наурыз көжеге, Жеті түрлі ас салды. Әбілхан: Арпа бидай бастаған, Жеті дәмнен аспаған. Наурыз көже ежелден, Бұл тойдағы бас маман. Амир: Бата беріп апамыз, Бата беріп апамыз. Тәтті болып жасалған, Наурыз дәмін татыңыз. Давид: Жақсылыққа бас болып, Алдымызға ас болсын. Келген Наурыз құт болсын, Берері тағы мол болсын. Әлділхан: Жылдың басы Наурыз, Жырдың басы Наурыз. Наурызға арналсын, Бүгінгі жыр әніміз Алдар Көсе: Мен Алдармын, Алдармын, Балалармен ойнаймын. Ренжітер сәбилерді , Тентектерден қорғаймын. Құтты болсын Наурызым! Қарным тойған күлкіге, Базарлығым тағы бар, А-а-а-а-а-а-а-а-а-а . Жүргізуші: Қош келдің, Алдар Көсе балаларымыздың өнерін бірге тамашала. Алдар Көсе: Ия дұрыс айтасыз, балалардың өнерін тамашалап, күштерін сынауға келдім. Балалар мен сендермен күш сынасқым келіп тұр. Қане күштеріңді байқайық. (ортаға балалармен күш сынасуға шығып, қол күрестіреді) Ойын: «Кім күшті?» қолмен күш сынасу. Алдар Көсе: Байқаймын баллалар, шетінен мықты екен, мені жеңіп қойдыңдар. Жүргізуші: Олай болса балаларымыздың «Жігіттер» биін тамашалаңыздар. Би: «Жігіттер» ұлдар биі Тазша бала: Уа, Алдар Көсе, сені іздеп жүрсем сен балалармен жүр екенсің. Ей балалар, балалар, Енді маған қараңдар! Наурыз тойын тойлайық Қызық ойын ойнайық. Ойын: «Қыз қуу» ойыны Жүргізуші: Енді осы кышкентай өнерлі балаларымызды өмірге акеліп, өнерін тамашалауға келген және де бізге көмектерін аямаған ата-аналармен «Сыр-сандық» атты сұрақ-жауап өткізсек. Сұрақ-жауап: «Сыр-сандық» Ата-аналарға араналған сұрақтар: – Өмірде не тәтті? (Ананың сүті) – Өмірде не қымбат? (Бала, Отан) – Жыл басы? (Наурыз) – Қасиетті сан? (Жеті саны) – Өмірде не жұмсақ? (Ананың алақаны) Жүргізуші: Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп, аса қадірлі қонағымыз Қыдыр ата келді. Қыдыр ата жоғары шығып, төрлетіңіз, балалардың өнерін тамшалаңыз. Қыдыр ата: Амансыңдар ма, балаларым! Наурыз мерекесі құтты болсын! Әр отбасына құт-береке әкелсін! Жүргізуші: Енді біздің кішкентай баларымыздың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар. Жансая: Әнім де саған биімде саған, Құт қонақ өзім үйімде. Қуаныш силап еліме, Күлімде Наурыз, күлімде! Әл-Мади: Наурыз күні той думан, Ортамызды ашайық . Ән мен күйді төгіп, Биден шашу шашайық . Давид: Армысыздар халайық, Әркез аман болайық. Наурыз тойын әр жылда, Бірге қарсы алайық. Амир : Наурыз тойы береке, Наурыз тойы жыр-аңыз. Қызық думан мереке, Қызық думан құрамыз. Абілхан: Наурыз келді балалар, Көктемде күн жағалар. Наурыз тойын тойлайық , Қызығына тоймайық. Дильен : Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде. Біз қуанып қаламыз, Наурыз әнін саламыз. Жүргізуші: Олай болса «Құтты болсын – Әз Наурыз!» атты әнімізді қабыл алыңыздар. Ән: «Нaурыз-көктeм» Жүргізуші: Балалар, «Қаз-қаз балам, қаз балам, Қадам бассаң мәз болам» деп қазақтың кандай салт-дәстірінде айтылады ? Балалар: Тұсау кесерде. Жүргізуші : Дұрыс айтасыңдар балалар, ал олай болса кім айтады «Тұсау кесу» дегеніміз не және немен кеседі? Балалар: Сәбиді қаз тұрғаннан кейін, тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын салт-дәстүр. Ала жіппен кеседі, шөппен кеседі, тоқ ішекпен кеседі. Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, жақсы біледі екенсіңдер. Ал олай болса, біз бүгін ортамызға, Ақ жаулықты әжеміз немересіне , «Тұсау кесу» рәсімін өткізеді. Бәріміз бірге тамашалайық. Салт-дәстүр: «ТұсауКесер» Жансая: «Қаз-қаз балам, қаз балам, Қадам бассаң мәз болам. Тағы, тағы баса ғой. Тақымыңды жаз, бала. Қаз баса ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың! («Тұсау кесер» жырынан) Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған «Тұсаукесер» тойының батасын Қыдыр атамызға жолдаймыз. Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын, Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! (бата беріліп,шашу шашылып, дәм татуға шақырамыз Жүргізуші:Осымен наурызға арналған шағын мерекеміз аяқталды. Той тойға ұлассын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Просмотров: 683


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст